Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-проезд, № 9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:
Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;
Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;
Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге.
Сонымен қатар, 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы жедел ақпарат ала алады.