Мәзір
Бүгін, 11:49 / BuginMedia / Саясат

Экс-министр Ерлан Нысанбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Қазақстанның бұрынғы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Экс-министр Ерлан Нысанбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды Экс-министр Ерлан Нысанбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды
Фото:gov.kz

Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Ерлан Нысанбаев бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған. Кейін бұл лауазымға Әлібек Қуантыров тағайындалды.

Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Әр жылдары коммерциялық салада және мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. 2014-2019 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы мамырға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2