Мәзір
Бүгін, 16:52 / BuginMedia / Әлемде

Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін өртеніп кетті

Бразилияда танымал әнші Рей Вакейро мінген жеке ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Борттағы сегіз адамның барлығы эвакуацияланған, еп хабарлайды buginmedia.kz.

Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін өртеніп кетті Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін өртеніп кетті
Фото: видеодан алынды

Оқиға 13 қыркүйекте Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы Парельяс әуежайында болған. Sahara Reporters мәліметінше, Cessna 550 Citation Bravo ұшағы қону кезінде жолақтан шығып кеткеннен кейін өртенген.

Өрт ұшақтың екі қозғалтқышын да шарпыған. Бортта әншімен бірге жеті адам болған.

Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері ұшақтан өздігінен шығып үлгерген. Кейбір адамдар жеңіл жарақат алғанымен, ауыр зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрт сөндірушілер бірнеше сағат бойы тілсіз жаумен күрескен. Алайда ұшақ толықтай жанып кеткен.

Оқиға орны түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда ұшақ қонғаннан кейін жалынның таралғаны және құтқарушылардың өртті сөндіріп жатқаны көрінеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2