Reuters агенттігінің мәліметінше, топ 7 қыркүйекте жанартау маңына жылдам жүретін катермен аттанған. Алайда олар келісілген уақытта кері оралмаған. Кейін қайықпен байланыс та үзілген. Топпен соңғы рет дүйсенбі күні байланыс орнаған.
Қазір жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар жұмылдырылды. Дегенмен теңіздегі биік толқын, лай және жанартау күлі іздеу жұмыстарын қиындатып отыр.
Анак-Кракатау 5 қыркүйекте қайта атқылаған. Жанартау күлі Индонезия астанасы Джакартаға дейін жетіп, әуе қатынасына әсер еткен. Атқылауға байланысты мыңдаған рейс кейінге шегеріліп немесе тоқтатылған.м