Хасан Қасымбаевтың ұсталу себебі туралы ресми ақпарат әзірге айтылмаған. Желідегі алғашқы хабарлама 4 қарашада таңертең пайда болды.
Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шықты.
Еске сала кетейік, Алматы облысында жас жігіттердің төбелесі 16 жастағы жасөспірімнің өлімімен аяқталған. Марқұм дүкенде сауда жасап тұрған әкесімен ерегескен клиентпен төбелескен. Бұрын тараған ақпараттарға қарағанда, клиент дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемей кетпек болған. Төбелес сол үшін туындаған. Сыраны тегін алып кетпек болған жігіт жақтастарын шақырып, әкесі мен баласын, туыс ағасын соққыға жыққан. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. 10-сыныпта оқитын Шерзат Болат ата-анасының дүкеніне кездейсоқ келген.
Осы оқиғадан кейін Хасан Қасымбаев ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін, сотталмағанын айтып мәлімдеме жасаған болатын.