Мәзір
18 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

500 мың теңге үшін шекарадан өтуге көмектескен: Оңтүстік Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкереледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

500 мың теңге үшін шекарадан өтуге көмектескен: Оңтүстік Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды 500 мың теңге үшін шекарадан өтуге көмектескен: Оңтүстік Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды
Фото: видеодан алынды

Топтың төрт негізгі ұйымдастырушысы мен олардың қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу барысында олардың көрші елдерден келген азаматтарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталды. Өздерінің "қызметі" үшін күдіктілер әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. 

Жүргізілген тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы – Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген дерегі жазасыз қалмайтынын ескертеді. 

Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2