Мәзір
Бүгін, 12:38 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астана әкімдігі су бұру нысандарын жылдар бойы балансқа қоймаған

Астанада жалпы құны 10,5 млрд теңге болатын төрт су бұру нысаны пайдаланушы ұйымдардың балансына берілді. Бұл мәселе Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасынан кейін шешілген, еп хабарлайды buginmedia.kz.

Астана әкімдігі су бұру нысандарын жылдар бойы балансқа қоймаған Астана әкімдігі су бұру нысандарын жылдар бойы балансқа қоймаған
ашық дереккөз

Астанада жалпы құны 10,5 млрд теңге болатын төрт су бұру нысаны пайдаланушы ұйымдардың балансына берілді. Бұл мәселе Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасынан кейін шешілген.

Бұған дейін мемлекеттік аудит барысында құрылыс жұмыстары толық аяқталғанына қарамастан, бірқатар нысанның пайдаланушы ұйымдардың балансына уақытында берілмегені анықталған.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, нысандар ресми түрде есепке алынбаған жағдайда олар салық салу базасына кірмейді. Бұл бюджетке салық түсімдерінің түспеуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар нысандарға іс жүзінде қызмет көрсететін кәсіпорындар оларды күтіп ұстауға қосымша шығын шығарады. Себебі мұндай шығыстар бекітілген тарифтік сметаға енгізілмеген және оларды өтеу көзі қарастырылмаған.

Аудит қорытындысы бойынша Астана әкімдігіне құны 10,5 млрд теңге болатын төрт су бұру нысанын пайдаланушы ұйымдардың балансына беру тапсырылды. Сондай-ақ осындай жағдайларды анықтау үшін техникалық түгендеу жүргізу міндеттелді.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, бұл нұсқама толық орындалған.

Түгендеу нәтижесінде 2025 жылы Астанада бюджет қаражаты есебінен салынған тағы 43 нысанның пайдаланушы ұйымдардың балансына берілгені анықталды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген өзге де нұсқамалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2