Мәзір
3 қараша, 2024 / BuginMedia / Спорт

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды

Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінде бокстан қазақстандықтар 3 алтын медаль алды,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды Қазақстандық боксшылар жастар арасындағы әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды
Фото: Olympic.kz

Аружан Зейноллаева Будвада (Черногория) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалында жұдырықтасты. Ол өзбек боксшысы Рухшона Паприевамен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы алтын жүлдесі үшін ұйымдастырушылар тарапынан 8000 доллар (3,9 млн теңге) сыйақы алады.

Осыған дейін Будвадағы әлем біріншілігінде Төрехан Сабырхан мен Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды.

Қазір Қазақстан қоржынында 10 қола, 3 алтын жүлде бар.

Айта кетейік, Аружан Зейноллаева жартылай финалда польшалық Юлия Ханнаны ұтып, Қазақстан құрамасынан алғаш болып финалға шыққан болатын. Зейноллаева биыл мамырда Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген еді. 

Апта талқысында: