«Енді біз оны АҚШ бақылауында ұстап отырғандықтан, Ормуз бұғазының атауын Трамп бұғазы деп өзгертуіміз керек пе??? Американың өзі сияқты, ол бұрынғыдан да "ыстық" болады!» – деп жазды Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Ормуз бұғазына қатысты бірнеше рет пікір білдіріп, оны АҚШ бақылауындағы аумақ ретінде көрсететін карталарды жариялаған.
АҚШ әскері 1 қыркүйекте Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне, радиолокациялық нысандарына, теңіз инфрақұрылымына, миналық қондырғылары мен байланыс нысандарына соққы жасаған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Иран тарапы Ормуз бұғазы маңындағы бірнеше нысанаға соққы жасалғанын мәлімдеді. АҚШ шабуылдарының бірі Сириκ ауданындағы үйге тиген. Ол жерде сол уақытта үйлену тойы өтіп жатқан.
2 қыркүйекте Иранның әскери қолбасшылығы АҚШ-тың Бахрейн, Иордания, Кувейт және Ирактағы нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді. Иран билігінің айтуынша, негізгі мақсат – Таяу Шығыста ондаған жылдан бері орналасқан америкалық әскери базалар желісінен АҚШ әскерін ығыстыру.
Иран тарапы шабуылдар кезінде Иорданиядағы және Ирактың солтүстігіндегі америкалық базада бірнеше әскери қызметкер қаза болғанын хабарлады. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан кезде АҚШ мамандары басқаратын екі танкер минаға жарылғаны айтылды.
Ормуз бұғазының солтүстік жағалауы толығымен Иранға тиесілі. Ал оңтүстік бөлігі Оман мен Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына қарайды.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп бірқатар географиялық нысандардың атауын өзгерту бастамасын көтерген. Өткен аптада АҚШ президенті Канаданың Онтарио көлінің атауын «Америка көлі» деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған. Ал 2025 жылдың қаңтарында Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп атауды енгізген.