Мәзір
Бүгін, 10:36 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова үндеу жасады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызы Сезімге қатысты оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова үндеу жасады «Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова үндеу жасады
ашық дереккөз

 

Өнер иесі Лондонда білім алып жатқан қызы мен оның құрбыларына пәтер жалдау үшін Ұлыбританияда тұратын кепілгер (guarantor) қажет екенін айтты.

Оның сөзінше, кепілгер Ұлыбританияның тұрғыны болуы, елде жылжымайтын мүлігі және тұрақты әрі ресми табысы болуы керек. Сонымен қатар кредиттік тарихы жақсы болып, жалға беруші агенттігінің тексеруінен өтуге дайын болуы қажет.

Жұлдыз Әбдікәрімова студенттерге агенттік арқылы қосымша кепілдік рәсімдеу қиындық тудырып отырғанын атап өтті. Сондықтан талаптарға сай адам білетін немесе көмектесе алатын оқырмандарынан жеке хабарлама арқылы хабарласуды сұрады.

«Ұлыбритания тұрғыны, жылжымайтын мүлігі бар, ресми табысын растай алатын жан іздейміз. Лондонда оқитын қызымызға және оның құрбыларына пәтер жалдауға guarantor іздейміз. Талап бойынша Ұлыбританияда тұратын, ресми табысы жоғары, кредиттік тарихы жақсы және агенттік тексерісінен өтуге дайын адам қажет. Агенттік арқылы қосымша кепілдік рәсімдеу студенттер үшін қиындықтар туып тұр. Сондықтан көмектесе алатын немесе осындай адамды білетін жандар болса, жеке хабарламаға жазсаңыздар екен», – деп жазды ол.

Актриса қажетті шарттар мен құжаттар туралы жеке хабарлама арқылы толық ақпарат беретінін айтты.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2