Мәзір
Бүгін, 18:48 / BuginMedia / Білім

Гүл мен сыйлыққа тыйым: Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекке қатысты талаптарды жариялады

1 қыркүйек күні мектеп аумағында мұғалімдерге гүл және басқа да сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Гүл мен сыйлыққа тыйым: Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекке қатысты талаптарды жариялады Гүл мен сыйлыққа тыйым: Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекке қатысты талаптарды жариялады
tengrinews.kz

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, мектеп ғимараты мен аумағында мұғалімдерге гүл немесе басқа да сыйлықтар беруге болмайды.

«Біз жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлық беруге жол берілмейді. Мұны бөлек атап көрсеттік. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ», – деді Шынар Ақпарова.

Осылайша, министрлік гүл шоғына қатысты нақты баға шегін атаған жоқ. Ведомствоның түсіндірмесі мектеп аумағында мұғалімдерге сыйлық беруге қатысты.

Яғни, мәселе гүлдің қанша тұратынында емес, оны мектеп ішінде немесе мектеп аумағында сыйлауға болмайтынында болып отыр.

Бұдан бөлек, 1 қыркүйек күні барлық мектеп сыныптарында сынып сағаттары өткізіледі. Ал колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, сабақтардың ұзақтығы шамамен 45 минутты құрайды.

 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2