Мәзір
5 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Білім

«Анықтама 36 мың теңге тұрады»: Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жасады

Желіде мұғалімдерді ақылы сертификат алып, әлдебір цифрлық платформа үшін 36 мың теңгеге анықтама алуға мәжбүрлеп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Анықтама 36 мың теңге тұрады": Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жасады "Анықтама 36 мың теңге тұрады": Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге ескерту жасады
Фото: tengrinews.kz

Бұл ақылы анықтамалар туралы журналист Ботагөз Омарова хабарлады. Оның айтуынша,  "Күнделик" платформасы арқылы курстан өту туралы сертификат үшін 2500 теңге төлеп, сондай-ақ "Темір" платформасымен 36 мың теңге тұратын анықтама тапсыру талап етілген. 

Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекет үш жылда бір рет мұғалімдерді тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткізіп келе жатқаны естеріңізге саламыз.Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады. Әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар таралуда, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған. Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз". - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлметінше, мұндай күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгіну немесе Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы немесе осы сілтемеде https://www.gov.kz/.../control/press/news/details/863005... көрсетілген департаменттердің байланыс нөмірлеріне хабарласу керек.

Апта талқысында: