Мәзір
Бүгін, 12:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады

Қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі жасақталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа құрылым еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырады.

Халық Кеңесіне заңнамалық бастама көтеру құқығы беріледі.

– Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесінің құрылуы мемлекеттік институттарды жаңғырту үдерісінің маңызды бөлігі болатынын атап өтті. Жаңа органның нақты құрамы мен қызмет тәртібі кейінірек жарияланады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2