Мәзір
Бүгін, 20:34 / BuginMedia / Жаңалықтар

ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды

24 тамыз күні кешке Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі болды
ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Астана уақытымен сағат 19:31-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың координаттары — 49,117° солтүстік ендік пен 84,500° шығыс бойлық.

Мамандардың бағалауынша, Үлкен-Нарын ауылындағы жер сілкінісінің қарқындылығы 2 балды құрады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2