оғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижесіне сәйкес, Құрылтай депутаттарын сайлауда сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым бөлігі «Әділет» партиясына дауыс берген.
Экзитпол қорытындысы бойынша дауыстардың бөлінуі мынадай:
«Әділет» партиясы – 72,30%;
«Ауыл» партиясы – 6,20%;
Respublica партиясы – 5,20%;
«Ақ жол» партиясы – 5,10%;
ОСДП – 5,00%;
НПК – 2,80%;
«Байтақ» партиясы – 0,90%;
«Барлығына қарсы» – 2,5%.
Бұл деректер экзитпол нәтижелеріне негізделген. Сайлаудың ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.