Бұған дейін желіде Мейіржан Төребаевты Алматыдағы колонияға жібергені туралы ақпарат тараған болатын. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті БАҚ сұрауына жауап ретінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауысқанын растады.
Алматы қаласы мекемесінде ұсталатын адамдардың лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, соның ішінде аталған адамдар тұрғылықты жері бойынша кезеңге өткізілді, – деп хабарлады ҚАЖК.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысы бес жыл алған. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің 1 миллиард 861 миллион 752 мың 441 теңгеден астам сомаға азаматтық талаптарын қанағаттандырды.
Вайнерлер жазасын Павлодар облысының "№ 44 мекемесі" РММ-де өтеп, "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Павлодар" филиалында жұмысқа орналастырылған еді.