Мәзір
7 тамыз, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Нұрай Серікбай 35 жерінен пышақталғанда әлі тірі болған: Сотта медсарапшының қорытындысы жарияланды

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Нұрай Серікбай 35 жерінен пышақталғанда әлі тірі болған: Сотта медсарапшының қорытындысы жарияланды Нұрай Серікбай 35 жерінен пышақталғанда әлі тірі болған: Сотта медсарапшының қорытындысы жарияланды
Фото: Instagram

Кезекті сот процесінде марқұмның денесіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Жанболат Пернебеков жауап берді. Оның айтуынша, Нұрай Серікбайдың мойын, кеуде, іш және бет тұстарынан көптеген сұғылып-кесілген жарақат анықталған. Оның ішінде сегіз жарақат денеге терең еніп, ішкі ағзаларды зақымдаған.

«Көптеген жарақаттардың, соның ішінде ішкі органдарға терең енген жарақаттардың болуына байланысты, олардың қайсысы өлімге тікелей себеп болғанын дәл айта алмаймын. Қаза болу бір минутта да, бірнеше минутта да болуы мүмкін еді», – деді Жанболат Пернебеков.

Сарапшының сөзінше, анықталған 35 жарақаттың барлығы қыздың көзі тірісінде салынған.

Айта кетейік, бұл іс бойынша сот процесі шілде айында басталған. Бұған дейін айыпталушы Шерхан Аймахаған Нұрай Серікбайға пышақ жарақатын қалай салғанын есіне түсіре алмайтынын, оқиға кезінде аффект күйінде болып, есінен танып қалғанын мәлімдеген.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Егер сот кінәсін дәлелденді деп таныса, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал Нұрай Серікбайдың отбасы моральдық және материалдық шығынды өтеу ретінде 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрап отыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2