Мәзір
Бүгін, 12:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда аптап ыстық басылады

"Қазгидромет" РМК 4-6 тамызға ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда аптап ыстық басылады Қазақстанда аптап ыстық басылады
pinterest.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді.

Суық ауа массаларымен толығатын циклон еліміздің көптеген өңірлеріне жаңбыр мен найзағай алып келеді. Солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Жауын-шашынмен бірге ауа температурасының төмендеуі де күтіледі. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 22–27°С шамасында болады. Ал елдің шығысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы 33–38°С-тан жайлы 27–32°С-қа дейін төмендейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2