Мәзір
Бүгін, 10:53 / BuginMedia / Саясат

Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтату ұсынысына Кремль не деді?

Кремль Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы соғысты уақытша тоқтату жөніндегі ұсынысына қатысты пікір білдірді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, бұл мәселе бұған дейін Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінде талқыланған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтату ұсынысына Кремль не деді? Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтату ұсынысына Кремль не деді?
Фото: видеодан алынды

Кремль Тоқаевтың ұсынысымен келіспейтінін мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы соғысты уақытша тоқтату жөніндегі ұсынысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Тоқаевтың бұл мәселедегі ұстанымы өзгермегенімен, Мәскеу онымен толық келіспейді.

«Президент Тоқаевтың бұл мәселеге қатысты ұстанымы тұрақты. Алайда бұл біздің оның пікірімен келісетінімізді білдірмейді. Соған қарамастан Қазақстан – біздің ең жақын серіктесіміз әрі одақтасымыз», – деді Песков.

Ол Владимир Путиннің Омбыдағы кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейдің ұстанымын және әскери іс-қимылдардың қазіргі жағдайын жан-жақты түсіндіргенін айтты.

«Қақтығысты жай ғана тоқтату мүмкін емес»

Песковтың сөзінше, Ресей қазіргі жағдайда соғысты уақытша тоқтату нұсқасын қолдамайды.

«Қақтығысты жай ғана тоқтатып қою мүмкін емес. Біз үшін ең бастысы – алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткізу», – деді Кремль өкілі.

Оның айтуынша, Ресей екі жыл бұрын Сыртқы істер министрлігі жариялаған бітім шарттарын әлі де өзекті деп санайды. Сонымен қатар, Мәскеу Украина билігі тиісті шешім қабылдаған жағдайда, соғыс қимылдарын «сол күннің соңына дейін» тоқтатуға болады деген ұстанымда екенін жеткізді.

Тоқаев қандай ұсыныс айтты?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өткен кездесуде Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігін қарастыру қажет екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, бұл қақтығыстың табиғаты халықаралық қоғамдастық үшін де толық түсінікті емес. Ол мысал ретінде Әзербайжан мен Армения арасындағы ұзақ жылдарға созылған жанжалдың себептері айқын болғанын, ал Украинадағы жағдайдың мәнін түсіну әлдеқайда күрделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Тоқаев бұған дейінгі келіссөздер барысында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілгенін айтып, диалогты «Ыстамбұл формуласы 2.0» негізінде қайта жандандыруды ұсынды.

Украинадағы соғысты реттеу мәселесі Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткен екі ел президенттерінің кездесуінде көтерілді. Форум барысында жастар кездесуі, іскерлік кеңестердің бірлескен отырысы, кәсіпкерлер алаңы және мәдени-көрме іс-шаралары ұйымдастырылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2