Ол жазбасында оқырмандарына жылы лебізін білдіріп, олардың жазғы демалысы мен алдағы жоспарларына қызығушылық танытты. Сондай-ақ 2025 жылдың желтоқсанында әлемдегі ең танымал әрі ең терең жабық дайвинг бассейндерінің бірі – Deep Dive Dubai орталығына шақырту алғанын жеткізді.
«Егер араларыңызда ол жерге баруды жоспарлап, жеңілдік кодын пайдаланғысы келетіндер болса, қуана көмектесемін», – деп жазды ол.
Жәнібек алдағы уақытта әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әрі қызықты жазбалар жариялайтынын да атап өтті.
Сонымен қатар ол биологиялық анасын іздеу ісі әлі де жалғасып жатқанын айтып, бұл мәселеге қатысты көпшілікпен бөлісуге болатын жаңа мәліметтер пайда болса, міндетті түрде хабарлайтынын жеткізді.
«Биологиялық анамды іздеуім әлі де жалғасып жатыр. Егер жариялауға болатын жаңа ақпарат шықса, оны сіздермен міндетті түрде бөлісемін. Баршаңызға тамаша жаз тілеймін», – деді Жәнібек.