КСИР мәліметінше, танкерлер бұғатталған бұғаз арқылы өтуге әрекет жасаған. Иран әскері кемелердің АҚШ барлау қызметтерінің жаңылыстыруынан қауіпті бағытқа кіргенін мәлімдеді.
«Ормуз бұғазы АҚШ армиясының әрекеттеріне байланысты аса қауіпті аймаққа айналды және толықтай жабық. Американың әскери агрессиясы тоқтамайынша, бұл өңірден химиялық тыңайтқыштардың да, мұнай мен газдың да экспорты жүзеге аспайды», – делінген КСИР мәлімдемесінде.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын бақылауда ұстап отырғанын айтқан болатын. Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран бұл акваторияның қауіпсіздігін әрдайым қамтамасыз етіп келгенін және алдағы уақытта да солай болатынын мәлімдеді.