Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті әйел жүктіліктің алты айында босанған. Тергеу нұсқасына сәйкес, нәресте қонақүйлердің бірінің кәріз жүйесіне тасталған болуы мүмкін.
Оқиғаны тұрғындар байқап, құзырлы органдарға хабарлаған. Олардың болжамынша, шақалақтың мәйіті көршілес орналасқан қонақүйден кәріз құбырлары арқылы келген.
“Құқық қорғау органдары нәрестенің мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жантүршігерлік оқиғаны кеше елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары анықтаған. Олардың болжамынша, нәрестенің мәйіті көрші орналасқан қонақүйден кәріз құбырлары арқылы түсуі мүмкін. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ал ұсталған әйелден жауап алынуда”, – делінген хабарламада.
Тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланатын болады.