Мәзір
Бүгін, 10:24 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстаннан 200 млрд теңге жақын және алыс шетелге заңсыз шығарылған

Түркістан облысында шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі көлеңкелі қаржы айналымы мен бірнеше контрабандалық схеманың жолы кесілді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстаннан 200 млрд теңге жақын және алыс шетелге заңсыз шығарылған Қазақстаннан 200 млрд теңге жақын және алыс шетелге заңсыз шығарылған
Фото: zakon.kz

Облыстық прокуратура мәлімінше, Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкеліп, оларды Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде сатумен айналысқан топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылған. Жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 миллион теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін де әшкерелеген.

Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен түскен қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталған. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталып, олардың бесеуі қамауға алынған.

Бұдан бөлек, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар барысында жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі қаржының жақын және алыс шетелге заңсыз шығарылғаны белгілі болды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 235-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2