Мәзір
Бүгін, 14:33 / BuginMedia / Жаңалықтар

Абай облысында 20 жастағы қыз үй маңынан өлі табылды

Абай облысының Бородулиха ауылында бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Абай облысында 20 жастағы қыз үй маңынан өлі табылды Абай облысында 20 жастағы қыз үй маңынан өлі табылды
Фото: depositphotos.com

Толығырақ

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесін 13 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан тауып алған.

«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ауданның 20 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Алдын ала тергеу мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін таныған. Тергеу нұсқасы бойынша, олардың арасында жеке бас араздығынан жанжал туындап, соңы адам өліміне әкелген.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2