Мәзір
Бүгін, 12:28 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Енді махаббатым қанат болсын»: актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына арнау жазды

Қазақстандық актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен ұлының рухына арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz

«Енді махаббатым қанат болсын»: актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына арнау жазды «Енді махаббатым қанат болсын»: актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына арнау жазды
Фото: видеодан алынды

Өнер иесі жазбасында перзентіне деген сағынышын білдіріп, аналық махаббатын жеткізді. Ол ұлына деген сезімін жүрекке жетерлік сөздермен жазып, оның рухына арнау айтты.

«Енді менің махаббатым саған бұғау емес, қанат болсын», – деп жазды актриса.

Еске сала кетейік, 1 маусымда «Келінжан» телехикаясындағы Қылышбек рөлі арқылы танылған актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлынан айырылғаны белгілі болған. Өнер иелері бұған дейін ұлдарының денсаулығына байланысты отбасы басынан өткерген ауыр кезең туралы ашық айтқан еді. 2024 жылы «Қызықты weekend» бағдарламасына берген сұхбатында Рүстем Жаныаманов баласының дертімен алты жыл бойы күрескенін жеткізген. Актердің айтуынша, бұл сынақ отбасы мүшелерін бұрынғыдан да жақындастырып, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қолдауын күшейткен. Қиын кезеңде олар бір-біріне сүйеніп, баласының денсаулығы үшін бар күш-жігерін салған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2