Мәзір
Бүгін, 08:48 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақмола облысында көлік суға батып, апалы-сіңлілі екі қыз көз жұмды

Ақмола облысының Целиноград ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан екі қыз қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола облысында көлік суға батып, апалы-сіңлілі екі қыз көз жұмды Ақмола облысында көлік суға батып, апалы-сіңлілі екі қыз көз жұмды
Фото: pixabay.com

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 11 шілдеде суға толған карьерлердің бірінде тіркелген. Алдын ала дерекке сәйкес, жағалауда тұрған жеңіл автокөлік белгісіз себеппен суға түсіп кеткен.

— Бұл жәт жөнінде хабар түскеннен кейін оқиға орнына Ақмола облысы мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері болған, — деді Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында мамандар су түбінен жеңіл автокөлікті шығарып, оның ішінен 8 және 12 жастағы екі қыздың мәйітін тапты.

Ведомствоның мәліметінше, отбасы бұл жерге демалуға келген. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2