Мәзір
Бүгін, 11:15 / BuginMedia / Жаңалықтар

Үш облыста ескерту жарияланды

3–5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында сел жүруі мен көшкін қаупі сақталады.

Үш облыста ескерту жарияланды Үш облыста ескерту жарияланды
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/112_qazseldenqorgau

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесі хабарлады.

«Жоғары ауа температурасы мен нөсер жаңбыр болжамына байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қарқынды беткей ағындары, су тасқынының қалыптасуы, ойпаң жерлерді су басу қаупі күтіледі. Сондай-ақ сырғыма және сел құбылыстары болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар үш облыстың тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды, әзірге таулы аймақтарға барудан бас тартуды сұрайды.

Еске салсақ, 2 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, аумақтағы карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақтың көшуіне байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2