Фестиваль Ғылым күніне орай өткізілгелмек және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Білім және ғылыми зерттеулер жылы» аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға 7000-нан астам оқушы, педагог, ата-ана, ғалым, бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдері қатыспақ.
PRO.NRG FEST 2026 фестивалі ғылым, өнер және білім берудегі технологияларға арналған. Аталған фестивальдің биылғы тақырыбы да ерекше - білімнің шексіздігін көрсету үшін оны тоқтаусыз су ағыны метфорасы арқылы ашу көзделген. Осылайша, мақсат - ғылымды үдеріс ретінде көрсету: идеядан бастап, талдау, тәжірибе және нақты шешімдерге дейін.
Бағдарламада ғылыммен тығыз байланысты бірнеше басым бағыт қамтылған.
Ғылыми-көпшілік бағыттағы бөлімге спикер ретінде зерттеушілер мен ғылымды насихаттап жүрген тұлғалар шақырылған. Олар: Хайдар Муразахметов, Astro Astana жобасының негізін қалаушы Артур Гайдук, сондай-ақ Global Teacher Prize Kazakhstan финалисі Евгений Солоницын бар. Талқыланатын тақырып - күрделі ғылыми ұғымдарды түсінікті ету әрі оларды күнделікті қолданысқа енгізу.
USTAZ бағытындағы бөлім заманауи білім беру тәжірибелері мен ғылыми ойлауды дамытуға арналған. Бұл бағытта мұғалім рөлі қалай өзгеріп жатқанын, жаңа буынға білім беруде қажетті дағдылар сынды тақырыптар спикерлермен (Бабур Адилхан, Баглан Кутубаев және т.б.) ортаға салынатын болады.
Art & Science бағыты визуалды және зерттеу жобалары арқылы ғылым мен өнердің синтезін назарға ұсынады. Суретшілер мен ғалымдар ғылыми идеяларды көркем етіп жеткізу туралы ой тербейді.
Серіктестік бағыт медиа, білім беру және креативті индустрия өкілдерін бір арнаға жинайды. Мұнда медиасауаттылық, жаңа буын құндылықтары және цифрлық ортаның санаға әсері талқыланады.
«Су ырғақтары» халықаралық бағыты фестиваль бағдарламасында ерекше маңызды саналады. Бұл бөлім тұрақты даму және су ресурстарын басқару, экология мен климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған. Спикерлер қатарында Finnish Water Forum өкілдері (Dr. Arvo Nerman) мен National Geographic (Аннуш Бабаджанян) зерттеушілері бар.
Сонымен бірге бағдарлама аясында Science Show, интерактивті форматтар және театрлық перформанстар қатысушылар назарына ұсынылады. Фестивальдың ерекше бөліктерінің бірі — Astro Astana жобасымен бірлескен ашық астрономиялық бақылау кеші. 11 сәуірге жоспарланған кеште елорда тұрғындары мен қонақтары Юпитер планетасын, Мицар мен Алькор жұлдыздарын және басқа да аспан нысандарын кәсіби телескоптар арқылы бақылай алады.
Айта кету керек, 2026 жылы фестиваль педагог пен оқушының зерттеу жобаларындағы серіктестігіне негізделген модельді дамытуды жалғастырады. Сонымен қатар қатысушыларға жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік беретін геймификация элементтері енгізіледі.
PRO.NRG FEST 2026 — бұл ғылымды абстракт ұғым ғана емес, жеке тәжірибе ретінде қарастыратын алаң. Мұнда тек идеялар талқыланып қоймайды, қатысушылар сарапшылармен ой алмасып, эксперименттерге қатысып, ғылыми идеялардың қалай жүзеге асатынын көре алады.