Іс-шара елордадағы Kinopark 6 KeruenCity кинотеатрында ұйымдастырылады. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі хабарлады.
Фестиваль аясындағы барлық фильмдер түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Көрсетілімдерге кіру тегін, алдын ала билет алудың қажеті жоқ. Көрермендер залда бос орын болса, еркін кіре алады.
Фестивальдің алғашқы күнінде, 13 шілдеде, көрермендер Casablanca (19:00) және Rear Window (21:00) фильмдерін тамашалай алады.
14 шілдеде Rocky (14:00), The Lion King (15:00), Field of Dreams (18:00) және The Maltese Falcon (20:15) көрсетіледі.
15 шілдеде The Wizard of Oz (15:00), Elvis (18:00) және Jaws (20:15) фильмдері ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағдарламасына америкалық киноның әр кезеңінен таңдалған классикалық және заманауи туындылар енген.
Қазақстандағы АҚШ елшілігі барлық киносүйер қауымды фестивальге қатысуға шақырды.