Мәзір
30 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

134 млн теңге сыйақы алған: ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында лауазымды тұлғаларды ұстады

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

134 млн теңге сыйақы алған: ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында лауазымды тұлғаларды ұстады 134 млн теңге сыйақы алған: ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында лауазымды тұлғаларды ұстады
Фото: Pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оның жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасына заңсыз сыйақы алғаны анықталды.

Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленген.

Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған.

Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2