Айтуынша, қыздар уақытша Жамбыл облысына қарасты арнаулы көмек көрсету орталығында тұрады.
"Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Алдағы уақытта қыздар осы жерде болады. Кейін олардың жағдайына сай тағы да жайлы, тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына алаңдап, уайым білдіріп жатқан барша қазақ еліне үлкен рақмет", - деп жазды ол.
Сондай- ақ журналист Құндыздың өзін балағаттауына да түсіністікпен қарап, мұны өзін жаманатты ету үшін жасалған әрекет екенін мәлімдеді.
"Қазір әлеуметтік желілерде Құндыздың маған қатысты айтқан балағат сөздері таралып жатыр. Оған мән бермеулеріңізді сұраймын. Бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның мақсаты - психологиялық тұрғыда әлсіз, аурушаң қызды пайдаланып, ел алдында жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Құндыздың еркелігін көтере алмасам, несіне аға боп жүрмін", - дейді Руслан Өтепбай.