Мәзір
22 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев пен Трамп Давоста не жөнінде әңгімелескені белгілі болды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы сөйлескенін жария етті, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Тоқаев пен Трамп Давоста не жөнінде әңгімелескені белгілі болды Тоқаев пен Трамп Давоста не жөнінде әңгімелескені белгілі болды
Фото: Ақорда

Айтуынша, бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды", - деп жазды ол.

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тілеген.

"Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты", - дейді Руслан Желдібай.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2