Оның айтуынша, салық органы 854 блогерге хабарлама жіберген. Осыдан кейін 620 блогер 18 млрд 141 млн теңгеге қосымша декларация тапсырған.
«Қазір 234 блогермен жұмыс істеп жатырмыз, яғни қалыпты құжаттамалық салық тексерісі жүріп жатыр. Ал жеті блогермен қазір сот процесіндеміз. Сол себепті барлық блогерді бизнес жүргізген кезде мұқият болуға шақырамын», - деді Тәкиев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.