Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қоғамдық көлік – бұл ең алдымен халыққа арналған қызмет, сондықтан жолақы бағасы күрт өспейді.
"Жолақының күрт өсуіне жол берілмейді. Әрине, егер қоғамдық көлік үшін қандай да бір шығындар өссе, мемлекет бұл бағытта қолдау көрсетеді", – деді Біржанов.
Бұған дейін Алматы мен Астана әкімдіктері қоғамдық көліктегі тарифті көтеру мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайтынын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, бұған дейін сарапшы Олжас Байділдинов Астана мен Алматыда автобус билеті 500 теңге болуы керек деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, көлік компаниялары шығынмен жұмыс істеп жатыр, ал қазіргі тарифтер олардың шығындарын өтемейді. Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі блогер ешқандай есеп немесе ресми дәлел келтірмегенін айтып жатыр.