"Біріншіден, тұрғын үй бағасы — бұл нарық. Сіздер айтып отырған ҚҚС мөлшерлемесіне келсек, кем дегенде алдағы бір-екі жыл, яғни 2026 жылдан бастап ҚҚС бағаның өсуіне себеп болмайды, өйткені біз өтпелі кезең енгіздік. Бізде 2001 жылдан бері жылжымайтын мүлікке ҚҚС салынбайды, бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Демек, бұл нарықтағы үрдіс. Біз бұл норманы енгізген кезде баға өсуі мүмкін екенін түсіндік, сондықтан өтпелі кезең жасадық. ҚҚС тек 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс бастайтындарға ғана қолданылатын болады", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, құрылыстың өзі шамамен бір жыл уақыт алады, сондықтан ҚҚС тұрғын үй бағасына нақты 2027–2028 жылдары ғана әсер етуі мүмкін.
"Сондықтан ҚҚС бағаның өсуіне басты себеп болмайды. Ал ипотека мөлшерлемелеріне келсек, мұнда да нарықтық жағдайлар шешуші рөл атқарады. Әрбір банк өз мөлшерлемесін және шарттарын дербес белгілейді, сондықтан мұнда да нарық тетіктері жұмыс істейді", — деп толықтырды Амрин.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексіне қол қойды.