Мәзір
13 қазан, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен чип алынып тасталады

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасы орынбасары Әлібек Кеңесбаев жүргізуші куәліктерінен чипті алып тастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Алайда құжаттың бағасы өзгермейді, себебі мемлекеттік баж салығының мөлшері Салық кодексінде бекітілген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен чип алынып тасталады Қазақстанда жүргізуші куәлігінен чип алынып тасталады
Фото: Gov.kz

"Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж салығы Салық кодексінде белгіленген. Ол бұрынғысынша қалады, өйткені төлем құжатты беру процесі үшін алынады", - деді Кеңесбаев.

Оның айтуынша, чиптің қажеттілігі жойылған, себебі жол полициясы қызметкерлері барлық деректерді мемлекеттік базалардан онлайн режимінде ала алады. Енді жүргізушіге куәлікті өзімен бірге алып жүру міндетті емес.

"Барлық ақпарат — жүргізуші куәлігі, сақтандыру, техникалық байқау мәліметтері — деректер базасында бар. Сондықтан оны чипке енгізудің қажеттілігі жоқ. Технологиялар дамып келеді", - деп түсіндірді ол.

Бұрын берілген жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғанша жарамды болып қала береді. Ал чипсіз жаңа куәліктерді Ішкі істер министрлігі 2026 жылдың бірінші жартысында бере бастайды. Құжаттың дизайны өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінде адам өлімінен кейінгі донорлық туралы ақпарат орналастырылмайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2