Мәзір
8 қазан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Енді Қазақстанда қызға телефонмен хат жазып, мазасын алатындар да жазаланады

Енді Қазақстанда қызға телефонмен неше түрлі хат жазып, мазасын алатындар да жазаланады. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осылай деді,деп хабарлайды buginmedia.kz.

Енді Қазақстанда қызға телефонмен хат жазып, мазасын алатындар да жазаланады Енді Қазақстанда қызға телефонмен хат жазып, мазасын алатындар да жазаланады
Фото: freepik.com

Депутаттың айтуынша, бүгінде қылмыстық заңнамада қалыңдық ұрлау ғана емес, сондай-ақ әйелдерге қатысты қудалау мен мазасын алатын әрекеттер үшін де жауапкершілік қарастырылған.

“Егер ер адам телефон не әлеуметтік желі арқылы әйелге әдепсіз хабарламалар жіберсе, бұл – қылмыстық әрекет. Иә, әзірге мұндай әрекет үшін түрмеге қамамайды, бірақ адам сотталып, оның атына бап тіркеледі. Бұл – маңызды ескерту шарасы”, – деді Әбенов.

Ол Қылмыстық кодекске "сталкинг" (қудалау) туралы арнайы бап енгізілгенін еске салды.

“Ер адамның әйелді қудалай бастауы – алғашқы белгі. Біз "Сталкинг" бабы арқылы алдын алу тетігін жасадық. Әйел полицияға хабар береді, айыппұл салынады. Бұл – ауыр қылмыстардың алдын алады”, – деп түсіндірді депутат.

Мұрат Әбенов сондай-ақ қоғамды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды.

“Жақында Алматыда ер адам, шаштараз ба әлде би мұғалімі ме 12 жасар қыз балаға нешетүрлі хабарлама жазған. Бұл – қылмыс. Мұндайды жасыруға болмайды. Егер ата-аналар мұны біле тұра жасырып қалса, олар да жауапқа тартылады. Сондықтан қоғам мұндай істерге көз жұма қарамауы керек”, – деді мәжілісмен.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2