Мәзір
27 қазан, 2024 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова ескерту жасады

Әніш Мақпал Жүнісова өзі жайлы өсек таратқан желі қолданушыларын сотпен қорқытты,деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова ескерту жасады «Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова ескерту жасады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова өзі жайлы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып жатқандарға ашуланған.

"Тиктокта ауызы қышып отырған жігіттер ме, қыздар ма – кімдерсіңдер!? “Мені күйеуге шықты ойбай” деп керемет етіп, салып жатыр екенсіңдер ғой”. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай – ойыншық қылдыңдар ғой!? Ойларыңа келгенді саласыңдар! Ұят емес пе! Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарам! Адам жалдап, соттап, ақшаларыңды алып кетем! Түсіндіңдер ме!? Ешқандай күйеуге шыққан емеспін. Режиссер қарсы алған концерттің. Сұмдық-ай, жаза беріңдер! Быт-шыттарыңды шығарам", – дейді ол.

Әншінің күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қаза болған. 61 жаста көз жұмған Заманбек Нұрқаділов өлімінің жай-жапсары әлі де құпия күйінде қалып отыр. Тірісінде саясаткер Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынап, оны "билікті заңсыз иемденіп, жемқорлық жасады" деп айыптаған.

Апта талқысында: