Мәзір
Бүгін, 00:17 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды»: Дариға Бадықованың күйеуі онымен ажырасып кеткенін айтты

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев онымен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлады buginmedia.kz.

"Өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды": Дариға Бадықованың күйеуі онымен ажырасып кеткенін айтты "Өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды": Дариға Бадықованың күйеуі онымен ажырасып кеткенін айтты
Фото: Instagram/dariga_badykova

Театр өнерінің маманы жеке өміріне қатысты жазба жариялады. 

“Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды”, – деп жазды актер. 

Желі қолданушылар екі актердің жеке өміне қатысты “Неге 16 жылдан кейін ажырасқан екен”, “Олжас пен Дариға жасырып жүр еді, күйеуі айтып қойды”, “Бала-шағасы бар ма екен?!”, “Экс күйеуі құпиясын айтып қойды ма?!”, “Қаншама жыл бірге қмір сүріп, ажырасу оңай емес”, деп жазды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2