Мәзір
10 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Аутист балаларды өлтіру керек»: министр атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова желіде 80 мың оқырманы бар блогер Райхан Жұмамұратованың аутизмі бар балаларды өлтіру керек деген жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады buginmedia.kz.

«Аутист балаларды өлтіру керек»: министр атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді «Аутист балаларды өлтіру керек»: министр атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
Фото: видеодан алынды

Министр Мәжіліс кулуарында журналистердің осы жағдайға қатысты қойған сауалға жауап берді.

«Әлбетте мен мұндай жағдайды қолдамаймын. Мұндай оқиғалар қоғамда болмауы тиіс. Біз инклюзивті ортада өмір сүріп жатырмыз. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды дискриминация жағдайларына ұшырауына жол бермейміз. Қазір аутизмі бар балалар ерекше бақылауда. Оқу-ағарту министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және тікелей біздің министрлік толық көлемде қолдау көрсетеміз. Ал аталмыш блогерге қатысты тиісті шаралар қолданылады деп ойлаймын», – деп жауап берді.

Кейін аутизмі бар балаларды өлтіруге шақырған алматылық блогер кешірім сұрады. . 

Блогер бұл сөздерді эмоцияға беріліп айтып қойғанын және жаман ойы болмағанын атап өтті.

"Instagram-да бір видеоны көріп қалып, өте ауыр пікір айтып қойдым. Бірақ мен  аутизмі бар балалардың ата-аналарының жүректеріне тиеді деген арам оймен айтпадым. Мен де эмоцияға беріліп, ашумен айтып қойдым. Барлығымыз бала асырап отырғандықтан, бала туралы айтылған сөз жүрекке батады екен.  Аутизмі бар балалардың ата-аналарынан кешірім сұраймын. Мен арам оймен айтқан жоқпын, ойланбай айттым. Әр ата-анаға баласының орны бөлек, ауру баланы ешкім сұрап алмайды. Сол үшін ренжімеңіздер", – делінген үндеуде.

Бұл жағдайға оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті де пікір білдірді.

“Ведомство әрбір баланың өмір сүру және толыққанды даму құқығы бар екенін еске салды. Бұл құқықтар баланың жынысына, тіліне, дініне, этникалық немесе әлеуметтік тегіне, денсаулық жағдайына және оның өзіне, ата-анасына немесе заңды өкілдеріне байланысты кез келген өзге де жағдайларға қарамастан қолданылады. Баланың қорғауға құқығын жоққа шығаратын немесе зорлық-зомбылықты ақтайтын кез келген пікір айтуға жол берілмейді және ол заңға ғана емес, қоғамның адамгершілік қағидаттарына да қайшы келеді”, – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2