Желіде тікелей эфир кезінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан көмілген жерде тұрған бір топ адам мен телефон ұстап, сөйлеп жатқан жігітті көруге болады.
Блогер тікелей эфирде: “Ауа жетпей жатыр. Осы уақытқа дейін 30 аккаунтыма шектеу қойылды. Мынау соңғы аккаунтым. Осы аккаунттың дамуына көмектесіп жіберейік, достар”, – дейді.
Аталған жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
“Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қабылданады”, – делінген ақпаратта.
Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар блогерлердің ақша үшін бәріне баратынын айтты.
"Оқырман санын көбейту үшін жаман іспен айналысып отыр. Енді осындай жындылықты жастар еліктеп жасаса, өлімдері осы блогердің басына түседі. Ешкімді ойламайды, бұларға ақша ғана керек. Жұмысты дұрыстап істегісі келмей, тез байығысы келген блогер сымақ", "Каблуковтағы жындыханаға жіберу керек. Сол жерге тіркеп, гаджет пайдалануына тыйым салу керек", "Интернет қауіпті нәрсе", – деп жазды олар.