Мәзір
22 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Сызғанов клиникасындағы анестезиологтың ақша бопсалағанын айтты

«Мамский әңгіме» подкастының авторы тележүргізуші Айнұр Илясова А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігер-анестезиологы оған жеке хабарласып, ақша талап еткенін әшкере етті, деп хабарлады buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал тележүргізуші Сызғанов клиникасындағы анестезиологтың ақша бопсалағанын айтты Танымал тележүргізуші Сызғанов клиникасындағы анестезиологтың ақша бопсалағанын айтты
Фото: stan.kz

Айнұр Илясованың айтуынша, анасына жасалған отадан кейін анестезиолог оның жеке нөміріне шығып ақша талап еткен. Қазіргі уақытта, оқиғаға қатысты Сызғанов ауруханасының директорына ресми хат жолдап, қызметтік тексеріс жүргізуді сұрайды. 

«Сызғанов атындағы клиникада анама операция жасалды. Ота алдында шұғыл байланыс үшін менің телефон нөмірімді алған еді. Алайда, анестезиолог нөмірімді жеке мақсатында пайдаланып, маған тікелей хабарласып, ақша талап ете бастады. Мен клиника директорына ресми хат жолдасам да анестезиолог тарапынан әдепсіз әрекеттер тоқтамады. Анестезиолог отадан соң хәл үстінде жатқан анама келіп, «қызыңды сабырға шақыр» деп талап еткен», – дейді журналист.

Илясова өзіне әрі анасына жасалған орынсыз әрекетті тек  кәсіби этиканы бұзу ғана емес, ауыр халдегі науқасқа қысым жасау екенін айтты. 

«Мен дәрігерлердің еңбегін құрметтеймін. Бірақ дәл осындай жағдайлар оларға деген сенімге селкеу түсіреді, науқастардың қауіпсіздігіне күмән тудырады. Сызғанов атындағы клиника басшылығына үндеу жасаймын шара қолданып, мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеуді сұраймын», – деді Илясова.

Апта талқысында: