Мәзір
19 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Степногорскте 23 жастағы әйел жеті айлық баласымен бірге терезеден құлап көз жұмды

Степногорск қаласында 23 жастағы әйел 7 айлық нәрестесімен 7-қабаттан құлап қаза тапты,  деп хабарлайды buginmedia.kz

Степногорскте 23 жастағы әйел жеті айлық баласымен бірге терезеден құлап көз жұмды Степногорскте 23 жастағы әйел жеті айлық баласымен бірге терезеден құлап көз жұмды
Фото: Pixabay.com

Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады.

Желідегі ақпарат бойынша, қайғылы жағдай марқұмның туыстарының пәтерінде болған. Әйел таңғы бестер шамасында баласымен бірге жетінші қабаттан құлаған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, 30 шілдеде Павлодар қаласында әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Әйелдің бір жарым жастағы баласы көз жұмды. 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2