Мәзір
13 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Польшада ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі Польшада ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады Қорғаныс министрлігі Польшада ұсталған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ABW

Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Айта кетейік, екі күн бұрын КазТаг агенттігі Польшадағы Қазақстан елшілігінде әскери атташе көмекшісі «тыңшылық жасады» деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Ақпаратта күдікті тыңшылықпен Украинада айналысқаны айтылған.

Ал Elmedia басылымы өзінің дереккөзіне сүйеніп күдіктінің аты Әнуар екенін, ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері болғанын жазды.

Апта талқысында: