Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.
Тамыз айының аяғына дейін университеттерде құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайынғы орташа статистика бойынша 3 мыңға жуық бала осы уақытта тегін оқудан өз еркімен бас тартады. Босаған орындарға қосымша конкурс жарияланады. Оған қоса жекеменшік компаниялар мен оқу орындарының, әкімдіктердің гранттары үлестірілмек.
"Қазір 5 мыңнан астам мемлекеттік гранттан тыс гранттар беріліп жатыр. Әкімдіктердің гранттары 1700 астам. ЖОО гранттары 2200-ге жуық. Биыл «Қазақстан халқына қоры» 500 грант берді. «Казэнерджи» қауымдастығы жүздеген грант беріп жатыр. Сондықтан еңселеріңіз түспесін", - деді министр.