Мәзір
11 тамыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Өгей балаларын 5 жыл бойы ұрып, қорлық көрсеткен әке қамауға алынды

Жамбыл облысында өгей балаларын 5 жыл бойы ұрып, қорлық көрсетті деген күдікпен өгей әке қамаққа алынды, деп хабарлайды деп хабарлайды buginmedia.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Өгей балаларын 5 жыл бойы ұрып, қорлық көрсеткен әке қамауға алынды Өгей балаларын 5 жыл бойы ұрып, қорлық көрсеткен әке қамауға алынды
Фото: gov.kz

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде үсті-басын жара басып, соққының астында мал бағып жүрген екі жеткіншектің видеосы тараған. Кейін оның Талас ауданына қарасты Көктал ауылының маңында түсірілгені белгілі болды. Даулы бейнежазбаға байланысты аймақта арнайы комиссия құрылып үлгергенін де айта кетейік. Олар зардап шеккендердің тек екі бала емес, үш ағайынды екенін анықтаған. 16 жастағы егіздер мен 10 жастағы оқушы – аналарының бірінші некеден туған перзенттері болып шықты.

«Полиция департаменті медициналық сот сараптамасын тағайындап, оны қазір өткізді. Нұрсұлтан бел тұсының, басының ауыратынын айтты. Дене жарақаты, ауыру  ұзақ уақыт бойы алған соққының салдары деп отыр», – деді  Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Айдана Биғабылова.

Кәмелетке толмағандар әлеуметтік көмек көрсету орталығында. Оларға психологиялық қолдау көрсетіледі. Ал өңірдегі полиция қызметі аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс бастады. Процесс біткенше жәбір көрген жеткіншектер бейімдеу орталығында болады.

 «Келеңсіз жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылды. Мәселен жан-жақты зерделеуде. Сонымен қатар ішкі-істер органдары тарапынан тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Салықбаева.

Апта талқысында: