Қаралы хабарды оның досы Нұржан Иманалиев жеткізді.
«Бүгін жүрегімізді ауыртқан қаралы хабар жетті…Ардақты досымыз Арманның асыл анасы, қадірлі Роза апай өмірден озды. Роза апайымыз иманды, парасатты, сабырлы, текті, ақылгөй жан еді. Тағдырдың ауыр сынақтарын бастан өткерді… Жалғыз ұлына ұзақ жыл жаза беріліп, баласының басына бұлт үйірілген қиын кезеңдер болды. Бірақ ана жүрегі соның бәріне төзіп, баласынан ешқашан теріс айналған жоқ», – деп жазды Иманалиев.
Айтуынша, ақырғы демі алдында да Қостанайға барып, ұлын көріп қайтқан.
«Сол сәттен кейін жүрек ауыртпалығына шыдай алмай, ауруханаға түсіп, сол жерде жаратушысына қайтты», – дейді ол.