Әйелдің айтуынша, күдікті баламен онлайн ойын арқылы танысыпты. Кейін бірнеше рет үйіне шақырып, зорлаған. Жәбірленушінің анасы баласын 6 адамның зорлағанын, ұлы топтық зорлаудың құрбаны болғанын мәлімдеді.
Қылмыстық іс Нұра ауданының полициясына тіркелгенімен, істі жабуға тырысқан. Қазір қылмыстық іс Астана ПД-ға тапсырылды. Бірақ сараптама нәтижелерінің болуына қарамастан 4 айдан бері ешкім қамауға алынбаған. Әйел оқиғадан кейін жүрек талмасына ұшыраған. Ал ұлына эпилепсия диагнозы қойылыпты. Осы іс бойынша Orda.kz Астана қаласының полиция департаментіне сұрау жіберді.
«Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Оның шеңберінде бірқатар сот сараптамалары тағайындалады, олардың қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады. Барлық тергеу әрекеттері қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асырылады», —деп жауап берді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.