Мәзір
6 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Сыздықбеков өлтіруге тапсырыс берді»: Берденовті атқан сотталушы тың дерек айтты

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі басталды. Сотталушы Ернар Жиенбай бұған дейін Берденовтің шарт қойғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сыздықбеков өлтіруге тапсырыс берді": Берденовті атқан сотталушы тың дерек айтты "Сыздықбеков өлтіруге тапсырыс берді": Берденовті атқан сотталушы тың дерек айтты
Фото: primeminister.kz

Бүгін, 6 тамыз күні басты сот отырысы айыпталушыны тергеуден басталды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталған Ернар Жиенбай сот барысында тың дерек айтты. Оның айтуынша, Берденов Ернардан өзін өлтіруге Ғабит Сыздықбеков тапсырыс берді деп айтуын сұраған. 

«Берденов сотта «әкім Сыздықбеков мені киллер ретінде жалдаған» деп айтсам «кешіремін» деген шарт қойды», — деді Ернар Жиенбай. 

Еске салайық, 21 сәуір күні кешке қала әкімдігі ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған. Ол жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Күдікті оқиға орнында ұсталды. 

Апта талқысында: