Мәзір
2 тамыз, 2025 / BuginMedia / Мәдениет

Димаштың қарындасының ұзату тойына Тасмағамбетов, Крутой, Өнербаев келді

Димаштың қарындасының ұзату тойына Қазақстан мен Ресейдің өнер жұлдыздары келген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Димаштың қарындасының ұзату тойына Тасмағамбетов, Крутой, Өнербаев келді Димаштың қарындасының ұзату тойына Тасмағамбетов, Крутой, Өнербаев келді
Фото: видеодан

kursiv.media жазуынша, оның ішінде ресейлік сазгер Игорь Крутой бар.Қазақстандық танымал әнші Нұрлан Өнербаев та жастарға тілек білдірді. Тіпті, Айтбаевтар отбасының қуанышына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов арнайы келіп, ортақтасуды ұйғарыпты.

Қонақтардың бірі керемет той болғанын айтып жатыр.

«Қазақстандағы ең әдемі той болды деп есептеймін. Айтбаевтар отбасы түгелдей танымал адамдар. Әлемге өнер, сұлулық, қуаныш, мейірім мен сыйластық сыйлап жатыр», – деп пікір білдірген.

Айтуынша, Айтбаевтар отбасы осы той арқылы Қазақстанды әлемге танытқан. Өйткені ұзату тойында қазақ дәстүрі мен мәдениетін паш еткен.

Той асабасы Ардақ Қасымхан әлемдік жұлдыздың ең маңызды мерекені сеніп тапсырғанын мәртебе көретінін айтты.

Апта талқысында: